Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады

 

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады

2023 жылғы

Президентке Ақмола облысының 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берілді.

Ермек Маржықпаевтың айтуынша, өңір экономикасының бірқатар саласында өсім қарқыны байқалады. Атап айтқанда, мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеден асады. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі шамамен 1,4 триллион теңгені құрады. Негізгі капиталға құйылатын инвестиция өсімі сақталып отыр. Экономиканың барлық саласында 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орны, соның ішінде 16 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар Президентке жылыту маусымының барысы, Көкшетау қаласындағы жылу электр орталығының құрылысы, бірқатар инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылуы, елорда маңындағы аймақтардың дамуы, сондай-ақ туризм саласын ілгерілету жұмыстары туралы баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін одан әрі жақсарту және өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-akmola-oblysynyn-akimi-ermek-marzhykpaevty-kabyldady-1103654